Back

Талдықорғанда 60 отбасы баспаналы болды (видео)

Бүгін Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында 60 отбасы пәтер кілтін алды.

Біраз уақыттан бері пәтердің кезегінде тұрғандардың көпшілігі өз үйінің кілті қолына тигенде қуанышын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

Баспаналы болғандардың арасында жетім балалар, көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектер бар.

Талдықорған қаласында мұқтаж жандарға үй салып беру туралы бастаманы Алматы облысын басқарып тұрған кезде Қанат Бозымбаев көтерген болатын. Бастаманы іске асыруға меценат Данияр Әбілғазин қолдау көрсетті.