Экс-әкімнің ұлы оккупанттармен бірге Украинаға қарсы соғысып жүр – журналист

Dalanews 01 нау. 2023 10:10 364

Журналист Лұқпан Ахмедияров Орал қаласының экс-әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Самиғолла Оразовтың ұлы Бауыржан Оразов орыс әскерімен бірге украиндерге қарсы соғысып жүргенін өзінің Инстагармм парақшасында жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналистің жазуынша, 45 жастағы Бауыржан Оразов осыған дейін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында ескірткі бизнесіне қарасы күрес бөлімінде қызмет еткен,

– Оның бірге қызметтес болған әріптестері Ресей әскерінің формасын киген Бауыржан Оразовты бірден таныды. Экс-депуттаттың ұлы осыдан бірінеше жыл бұрын құқық қорғау органынан кетіп, Ресейге көшіп кеткен, – дейді журналист Лұқпан Ахмедияров.


Украина қарулы күштеріне қолына түскен фотодан Бауыржан Оразовтың Ресей әскерінің формасын киіп, қолындағы автоматтың тұтқасын көрші елдің үш жолақты туын бейнелейтін изолентпен орап алғанын көруге болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x