AMANAT: Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды штабы ашылды

Dalanews 19 ақп. 2023 07:17 218

Қонаевта «АМАNАТ» партиясынан Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды штабының тұсаукесері өтті. Партия мүшелері үгіт-насихат жұмыстары аясында 600 мыңнан астам сайлаушыны қамтитын 1 300-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Облыстық штабқа шамамен 80-нен астам адам кірді. Бұл өткен сайлауға тікелей қатысқан, тәжірибесі мол белгілі партия және қоғам қайраткерлері.

Алматы облысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына барлығы 548 адам, оның ішінде облыстық мәслихатқа – 59, қалалық мәслихатқа – 39, аудандық мәслихаттарға – 425 адам өз кандидатурасын ұсынды. Сонымен бірге Парламент Мәжілісіне облыстан 25 кандидат тіркелген.

Ал, партия филиаларынан  211 кандидат сайлауға түспекші. Оның ішінде 2 Парламент Мәжілісіне, 19 – облыстық мәслихатқа, 12 – қалалық және 178 аудандық мәслихаттарға. Партиялық тізім бойынша Мәжіліске 3 кандидат, облыстық мәслихатқа 36 кандидат.

Сонымен қатар 601 сайлау учаскесі бойынша 1803 сенім білдірілген адамның тізімдері, байқаушылардың алдын ала тізімі жасақталды.


Штабты облыстық сайлауалды штабының төрағасы Қуат Байғоджаев ашты. Оның айтуынша, бүгінгі күні облыстық сайлауалды бағдарламасы әзірленді. Ол партияның 2027 жылға дейін міндеттемелерін жинақтаған.



«Біздің бірінші басты мақсатымыз − халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Сондықтан алдымен тұрғындардың табыс көзін арттыруды көздейміз. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отырмыз. Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастардың да жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлдік. Бұл тұрғыда оларды қолдауға күш саламыз. Сонымен қатар, біздің бағдарлама түрлі саланы дамытуға бағытталған. Қатарында туризм, ауыл шаруашылығы, білім және денсаулық,  спорт және инфрақұрылым бар. Бұның барлығы-халықтың өмір сүру сапасын көтеруге арналды», − деді өз сөзінде сөз алған Қуат Байғоджаев.

Айта кетерлігі, облыстық сайлау штабында 10 қоғамдық қабылдау бөлмесі іске қосылған. Олар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарға ұсыныстарды, тілектері мен өкімдерді жинау бойынша жұмыс істейді.

Еске салайық, 7 ақпанда партияның кезектен тыс XXV съезі өтіп, онда ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімі таныстырылды.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x