Тоқаев Назарбаевты "елбасы" статусынан айырды

Dalanews 15 ақп. 2023 11:56 237

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Осылайша Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

Бұған дейін Мәжіліс Елбасы туралы және оның туыс-туғандарын қудалаудан қорғайтын зиянды заңның күшін жоюға кіріскенін хабарлағанбыз.

Жаңа жылдың алғашқы айларында экс-президент мен оның ағайындарын ерекше мәртебеден толықтай айырылатыны белгілі болған.

Тұңғыш президент туралы норма кемінде 20 заңға кіріп кеткен. Әділет министрі Қанат Мусин заңның күшін жою неліктен ұзаққа созылғанын осылай түсіндірген болатын.


Еске салсақ, былтыр желтоқсанда мәжіліс "Тұңғыш президент - Елбасы" туралы Конституциялық заңның күшін жою процесін бастаған. Экс-президент оның семьясы 22 жыл бұрын қабылданған "Елбасы заңының" қызығын көрді .

Заңға сай: Назарбаев пен оның отбасы қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, қамалмайды, мүліктері тәркіленбейді, шектеу қойылмайды.


"Тұңғыш президент" заңында Назарбаев және оның отбасы мүшелерінің "банктік шоттарының құпиялығына және банк шоттарына тиіспеуге кепілдік берілетіні" жазылған. "Елбасы заңы" Қазақстандағы автократия мен әділетсіздіктің айқын көрінісі еді.

Осы тұста:


Жаңа Қазақстан Дариға Назарбаеваның ізіне түсті. Толығырақ мына жерде: t.me/dalainside/1149

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x