Әсет Матаев — Алматыдан Парламент депутаттығына кандидат ⠀

Dalanews 10 ақп. 2023 17:33 231

Тәуелсіз журналист Әсет Матаев мәжіліс депутаттығына кандидат болып тіркелді. 

Бүгін тәуелсіз журналист, медиаменеджер Әсет Матаев ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына түсу үшін кандидатурасы тіркелгені туралы куәлік алды. Сайлау 19 наурызда өтеді.

«Достар, мәреге жетіп қалдық! Бір аптадан соң сайлауалды жұмыстың жария кезеңі басталады және мен нақты жоспарларымды айтып бере аламын. Сіздердің қолдауларыңызды сезініп жатырмын, жазған әр жылы сөздеріңіз үшін рахмет», - деді Әсет Матаев өзінің Telegram-арнасында.

Әсет Матаев №5 округте тіркелді. Оған Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандары жатады.

Қазақстан бойынша сайлауға 29 бірмандатты округтен барлығы 609 кандидат түседі.

Еске сала кетейік, Әсет Матаев сайлауға түскісі келетінін 1 ақпанда мәлімдеген еді. ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің басшысы Әсет Матаев пен оның әкесі, Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаев саяси себептерге байланысты заңсыз сотталған.


2022 жылғы шілдеде төртінші талпыныстан соң Жоғары Сот Әсет пен Сейітқазы Матаевты толығымен ақтады.

Осыған дейін Әсет Матаев бірнеше өзекті мәселелерге қатысты ұстанымын жеткізді. Ол Алматының Наурызбай ауданындағы су тапшылығы мәселесін көтеріп, жаңа «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты ұсыныстарын бөлісті. Сондай-ақ Түркия мен Сириядағы қайғылы оқиғаны ескере отырып Алматыда жер сілкінген жағдайда қандай қауіпсіздік шаралары қажет екенін нақтылап, ұсыныстар жасап, ой толғады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x