«Бір жігіт асылып қалды…». Илья Ильин бар шындықты айтты

Dalanews 25 қаң. 2023 16:07 296

Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ҚР Ауыр атлетика федерациясының басшысы болуға дайын екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Илья Ильин Ауыр атлетика федерацияның қазіргі жұмысына алаңдаушылық білдірді.

– Бір жылдан бері біз түсініксіз жағдайда жүрміз, Ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай жүрміз. Бір жарым жыл бұрын менеджер ретінде жұмысқа тұрғанда жаттықтырушылармен сөйлестім, ауқымды проблемалар болды, мәселені шешуге тырыстым. Бір жігіт асылып қалды… Бізге психологтар керегін айттым.

Біз команда құруға міндеттіміз, өйткені қиындықтар бар. Кейін біз екіге, содан кейін үш бөлікке бөліндік. Өңірлерге барып, бапкерлермен жеті сағат сөйлесіп, спортқа қол сілтей салмауын түсіндіруге тура келді, – деді Ильин Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.


Ол федерацияда бар мәселелерді айтып, әріптестерін, басшылыққа, Алтай Көлгінов пен және Асхат Ораловқа жүгінді.

– Мен жетілдім. Федерацияны өз командаммен бірге алуға дайынмын. Иә, менде миллион адам жоқ, мен бай емеспін, бірақ мен бұл спорттың қыр-сырын білемін. Қолдауыңызды сұраймын, тапсырмалар қойыңыз. Олимпиада чемпионын таңдайық, – деді ол.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі жауап ретінде бұл мәселені белгілі спортшымен жеке талқылауға дайын екенін атап өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x