Cоңғы жаңалықтар
Back

«Оң өзгеріс жолындағы алғашқы жеңіс». Respublica партиясы ресми түрде тіркелді!

Бүгін кілең жастардан құралған Respublica партиясының белсенділері Астана қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының бірінен Respublica партиясының ресми тіркелгені жайындағы құжатты алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өз кезегінде Respublica партиясының басшысы Айдарбек Ходжаназаров сүйінші сұрап, қуаншты жаңалықты Фейсбук желісіндегі парақшасында бөлісті. Ол «Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО-ның бірінен Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды.

Енді біз – еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі – ортақ ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті» деп ойын ортаға салды.

– Respublica партиясының тең төрағалары – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты елімізге оң өзгерістер әкелер жолындағы алғашқы жеңісімен шын ниетпен құттықтаймын!⠀

Партияның барлық мүшелерін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор  қолдау білдірген барлық адамдарды осы маңызды бастамамен  құттықтаймын және   сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді.⠀

Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әрбір өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын! – деді Respublica партиясының басшысы.