Cоңғы жаңалықтар
Back

Ойына келгенді істейтін полицейлерді жауапқа тартыңыз, Тоқаев мырза – Зайытов

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов полиция жұмысына қатысты сын айтып, жаңа жазба жариялады.

Бұл туралы ақын өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Жазбада қаңтар оқиғасынан кейін полицейлердің Назым есімді қызды тергеу кезінде Ринат Зайытов жайлы да сұрағаны айтылады.

“Қаңтар оқиғасынан кейін біздің елдегі полиция жұмысы титтей болса да жақсы жаққа өзгеруге тиіс еді. Әттең. Қанды қаңтарда бір мезетте жоқ болып, тығылып қалған сақшысымақтар қайта тайраңдамақшы екен.

Сөзімнің дәлелі мына кісі баласы. Есімі Алмат Ырғалиев екен.

Қазақтың қаршадай қызын жазықсыз, заңсыз көшеден ұстап алып, қылқындырып бөлімге сүйреген «Палуан». Назым қарындасымызды кабинетіне кіргізіп алып,( жанында тағы біреу бар) тергеген кезінде мен жайлы да сұрақтар қойыпты, – деп жазды Ринат Зайытов.

Айтыскер Наурызбай аудандық полиция бөлімшесіне Назымды және бір топ тәуелсіз журналистті ертіп баратынын айтты.

“Білгісі келгенін ертең бетіме айтсын. Сұраймын. Ол кісі баласына қазақ қыздарының сұрауы жоқ деп айтқан кім? Қандай заңға сүйеніп, қорғансыз қызға күш көрсетті? Зайытовтан экстремист жаса деп кім бұйырды? Осынша қорлыққа үндемей отыратын мал емеспіз!

Қ.К.Тоқаев мырзаның уәде еткен өзгерістері шынымен басталса, погонын пайдаланып, ойына келгенін істейтін полицейлерді жұмыстан шығарып, жауапқа тартуын талап етемін”, – деп жазды Зайытов.

Сондай-ақ ол жоғарыда аты аталған қызметкердің фотосын да бөліскен.

Қазақстан энергетика дағдарысынан қалай шығады?