Тоқаев агломерацияны дамыту және қазақы төбетті сақтауға қатысты маңызды заңдарға қол қойды

Dalanews 03 қаң. 2023 05:49 184

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылдық мерекеден кейін толықтырулар мен өзгертулер енгізілген заңнамалар мен маңызды Мемлекеттік Жарлықтарға қол қойды. Олардың арасында «Агломерацияларды дамыту туралы» және қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайтуды көздейтін заңдар бар, – деп хабарлайды Dalanews.kz.   

Президент қол қойған заңның мәтіндері баспасөзде жарияланатын болады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты және оның Аппараты қызметінің мәселелері туралы Жарлыққа, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» қол қойды

Бұдан басқа Мемлекет басшысы «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заңда қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айта кетуіміз керек.


Осылайша Мемлекет басшысы қазақ халқының сиволына айналған қазақы төбетті мемлекеттік тұрғыдан сақтау ісіне қолдау көрсетті.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x