Тоқаев әйелдердің зейнет жасына қатысты маңызды заңға қол қойды

Dalanews 26 желт. 2022 04:10 216

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасына қатысты заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Аталған заң жобасына сәйкес әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып қалады.

“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек заңнамада “жастар” санатына енгізілген өзгерістер де қарастырылған.


Енді 35 жасқа дейінгі барлық азаматтар “жастар” болып саналады.

Сонымен қатар бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау мерзімінің ұзақтығы 1,5 жылға дейін ұлғайтылды.

Ал ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейіне – 70%-ға тұрақты түрде жеткізу, ең жоғары базалық зейнетақының мөлшері – 120%-ға дейін және жасы бойынша зейнетақы төлемдерін есептеудің кіріс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 есеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x