Украинада қаза тапқан Ресей әскерінің нақты саны белгілі болды

Dalanews 21 желт. 2022 14:42 312

Украинада биылғы жылдың 24 ақпан күнінен бері қаза тапқан Ресей әскерінің саны 100 мыңға жақындады. Нақтырақ айтсақ, қазір 99 230 (+430) оккупант украин жерінде жан тапсырды.

Сонымен бірге РФ Қарулы күштері:

281 ұшағынан;

266 тікұшағынан;

2 995 танкісінен;

5 974 бронды техникасынан;

1960 артиллериялық жүйесінен;

212 әуе қорғанысы қаруы мен басқа да көптеген қаруынан айырылды.

Украин әскері күн өткен сайын Ресей жіберген ракеталарды да атып түсіріп жатыр. Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный РФ жіберген 76 ракетаның 60-сы нысанаға жетпей жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Бас қолбасшының айтуынша, басқыншылар атқан 76 зымыранның 72-сі қанатты болған.

Залужный Telegram-арнада тікелей эфирге шығып, күн сайын есеп беруді әдетке айналдырған. Оның айтуынша, Каспий және Қара теңізден Украинаның инфрақұрылымдарына жіберілген 76 ракетаның 72-сі қанатты (Х-101, «Калибр», Х-22) және 4-еуі авиациямен басқарылатын ракеталар (Х-59/Х-31П) болып шыққан.

Украинаға ракетадан тоғызыншы мәрте жаппай соққы берді. Жау елдің энергетикалық инфрақұрылымдарын атқылады. Украинаның бүкіл территориясында әуе дабылы жарияланды. Басқыншылардың Киев әуе қорғанысын бұзып өтуге бағытталған ракеталық терроры мен өрескел әрекеттері біздің сағымызды сындыра алмайды,


деді Залужный.

Бұл жолғы шабуылдың бір ерекшелігі, Х-101/Х-555 қанатты ракеталарының тек Каспий теңізінің акваториясынан ғана емес, сонымен бірге Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы-зымырантасығыштары шоғырланған Саратов облысының Энгельс ауданынан да жіберілгені болды.

https://www.youtube.com/watch?v=4ETzbH_DKvg

Бұдан басқа, оккупанттар нысананы Қара теңіз айдынындағы «Адмирал Макаров» фрегатынан да атқылады.

Айта кететін бір жайт, Ресей зымырандарының бірі Украинаға жетпей, Волгоград облысындағы Елан ауданына барып құлаған.

Бұл ретте АҚШ Сенатының Украинаға көмек көрсету үшін рекордтық көрсеткіш – 858 млрд доллар көлеміндегі қаражатты қорғаныс бюджетіне бөлгені белгілі болды.

https://dalanews.kz/bas-takyryp/84656-khalyqaralyq-konsorcium-qazaqstanda

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x