Жас ақын Назарбаевты «Нұр-Қаған» деп дәріптеп ән шығарған ағаларын сынап тастады

Dalanews 08 жел. 2022 14:10 1573

Белгілі ақын Ұларбек Дәлейұлы бүгін өзінің Фейсбуктағы парақшасында еліміздегі танымал жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбит Досанов пен белгілі күйші Шәміл Әбілтайдың кезінде «Нұр-Қаған» деген өлең жолдарын жариялады.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап жазылған «Нұр-Қаған» әнінің сөзінің авторы Сәбит Досанов болса, әуенінің авторы Шәміл Әбілтай. "Нұр-Қаған" әнінің мәтіні төменде:

 

Нұр-Қаған


Көрдім жанарыңнан


Мейірім, шапағатты.


Сездім қабағыңнан


Еліңе махаббатты.


Қайырмасы:


Сеңде де, селде де


Еліңді сақтадың.


Сындарлы сындарда


Сенімді ақтадың.


Тыңға туың тіктің,


Туыпты нұр ғып балаң.


Шыңға өзің шықтың,


Шықпаған Абылай хан.


Қайырмасы


 

Сәбит Досанов Назарбаев әулетімен құда екені белгілі.

Сәбит Досановтың інісі Ғабит Досановтың ұлы Назарбаевтың кіші қызмен бас қосқан болатын.

Ал «Нұр-Қаған» әнінің әуенін жазған күйші Шәміл Әбілтай Қаңтар оқиғасынан кейін Мәлім.кз сайтына берген сұхбатында Назарбаевқа арнаған «Елбасы» деген күйін өртеп жібергенін айтқан еді.

Күйші өз сұхбатында «Назарбаев тақта тұрғанда кетем деп ойламады. Патша елмен бірге бола ма деген үміт болды, бізде. Мынадай жағдайдан кейін күйдің киесіне қалмайын деп өртеп жібердім. Күй – қазақтың бойтұмары» деп ойын ортаға салған болатын.

«Нұр-Қаған» әнінің скринін жеке аккауынтында жариялаған Ұларбек Дәлейұлы «Ұлы ханның, Ер Абылайдың әруағынан аттаған жағымпаздардың бір жеріне қорғасын құйса, Шыңғыс қаған жосынымен» деп жазба қалдырыпты.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар