Cоңғы жаңалықтар
Back

Уәделі жаңалық – HAVAL H6 кроссовері Қазақстанда

Mycar Almaty автоорталығында Great Wall Motor концернінің бестселлері Haval H6 моделінің асыға күткен тұсаукесері өтті. Танымал кроссоверді брендтің ресми дистрибьюторы – Haval Motor Kazakhstan («Астана Моторс» құрамына кіреді) таныстырды.

Haval H6 тұсаукесері мини-мюзикл форматында өтті. Great Wall Motor Eurasia маркетинг жөніндегі директоры Кэрол Тян таныстырудың ерекше форматына қатысты былай деп пікір білдірді: «Әрине, техникалық параметрлер мен жүріс сипаттамалары – бұл болашақ көлік иесі ең бірінші кезекте назар аударатын жайт. Бірақ біз автокөліктің мінезін, біздің дизайнерлеріміз модельді әзірлеген кезде оған салған эмоциялар мен стильді де көрсеткіміз келді. Сондықтан тұсаукесерлеріміз үшін әрқашан жаңа форматтар іздейміз».

Автокөліктің техникалық сипаттамалары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты кеш қонақтарына танымал автоблогер Тимур Мустафаев айтып берді.

Өндіруші Haval H6 моделінің үшінші буынында оның сыртқы түріне де, техникалық жабдықталуына да көптеген елеулі жаңартулар енгізді.

Haval H6-ның басты артықшылығы оның «құрылымында» – модель жоғары технологиялы L.E.M.O.N. модульдік платформасында жасалған. Бұл платформа – концерннің үздік технологиялары біріккен Great Wall Motor бірегей әзірлемесі.

Айта кетсек, платформа халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды: NCAP және IIHS (Жол қауіпсіздігінің сақтандыру институты) рейтингісінде 5 жұлдыз; нәтижесінде 2022 жылдың наурыз айында Haval H6 моделінің өзі де ANCAP атты Көлік құралдарының қауіпсіздігі жөніндегі Аустралияның тәуелсіз рейтингілік агенттігінен 5 жұлдызға ие болды.

Haval H6 моделіне BOSCH 9.3 белсенді қауіпсіздік пакеті және жүргізушінің «көмекшілері» жүйелерінің қомақты жинағы орнатылған: 6 жүргізу сценарийі бар толық жетек жүйесі, жол белгілерін тану, «мөлдір капот» режимі бар айнала шолу жүйесі, интеллектуалды круиз-контроль, автоматты түрде шұғыл тежеу және соқтығысудан жалтару жүйелері, автоматты түрде тұраққа қою және 50 метрге дейінгі жолды есте сақтайтын артқа жүру көмекшісі.

Салон интерьері – минималистік әрі жоғары технологиялы. Android Auto және Apple CarPlay қолдайтын медиа-жүйелерді, алдыңғы әйнекке проекциялайтын виртуалды аспаптар тақтасын, сенсорлық басқару тақтасын және 8 динамигі мен кіріктірілген күшейткіші бар Digital Theater System аудиожүйесін айрықша атап өткен жөн.

Панорамалы шатыры, 2 аймақтық климат-контролі және иондау жүйесі бар сәнді, кең әрі «байсалды» Haval H6 жиі отбасылық автокөлік ретінде көрсетіледі, бірақ оның кез келген аудиторияны тамсандыратыны сөзсіз!

Haval Motor Kazakhstan директоры Ақылбек Анарбаевтың айтуынша, «GWM концернінің портфелінде Haval H6 – шетелдік нарықтарда ең көп сатылатын модель! Қытайдың өзінде ол 10 жылға жуық уақыт бойы SUV сегментінде сатылым үздігі және қатарынан 6 жыл бойы National Hero Vehicle номинациясын иеленіп келеді. Жаңа H6 буынының көшбасшы жайғасымын сақтап қалатыны анық. Қазақстандық әуесқой автомобильшілерге осы көлікті ұсына алатынымызға қуаныштымыз!».

Қазақстанда Haval H6 турбиналанған 1,5 немесе 2,0 литрлік бензин қозғалтқышымен ұсынылған, қуаты – 150-204 а.к., жетегі – алдыңғы және толық.

Автоорталықтарда үш жиынтықтама нұсқасының бірін таңдауға болады: Comfort, Premium және Tech Plus. Бағасы 12 990 000 теңгеден басталады.

Қосымша ақпаратты haval-motor.kz сайтынан ала аласыз.

Тағы оқыңыз:

Тимур Турлов Құрманғазы және «Отырар сазы» оркестріне жаңа, сапалы домбыраларды сыйға тартты

ШҚО-да Қабанбай батырдың 330 жылдығы жоғары деңгейде өтті