Президент – жалдамалы менеджер. Халықтан асқан қатал сот жоқ – Тоқаев

Dalanews 16 қар. 2022 05:58 284

Мемлекет басшысы Алматы сапары кезінде президенттің қоғамдағы орны мен қызметіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

«Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды.

Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды.

Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік.


Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді», – деді ол.

Тоқаев сондай-ақ сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым екенін жеткізген.

Бірнеше күннен кейін президенттік сайлау өтетінін еске салған Тоқаев бүкіл сайлау науқаны секілді дауыс берудің өзі де таза, ашық әрі әділ өтуі керек екенін баса айтқан.

"Сайлаудың нәтижесі Қазақстанның алдағы 7 жылда қалай дамитынын анықтайды. Сайлау кезінде әділдікті мүлтіксіз сақтау азаматтардың мемлекетке деген сенімін одан әрі нығайтудың кепілі болмақ", - деген президент.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x