Cоңғы жаңалықтар
Back

Аттар-ақшалар бір жерге үйілді

Қазақстандық шенеуніктерінен қорқынышты тек күмәнді бастамалары бар қазақстандық шенеуніктер, олар кезекті рет бизнестегі адал бәсекелестікке соққы беруге тырысады.

Атап айтсақ, қазір ізденімпаз санамыз ат ұтыс ойынын құмар ойындар туралы заңның жеке нормасына қалай енгізуді қарастыруда. Әлеуетті заң жобасының мәні қарапайым: егер қабылданса, ат спортының ұтыс ойыны саланың жеке тақырыбына айналады. Неліктен? Шартты теннистен, волейболдан, футболдан немесе дойбыдан қалай жақсы?

Егер әлемдік стандарттарды айтсақ, әлемнің бір елінде де спорт алуантүрлігіне қарай ажыратылмайды, ол елдерде құмар ойын экономиканың ажырамас бөлігі болады, осыны анықтау керек. Бір ұйым тек қана футболға ставка қояды, басқасы  Counter Strike турнирлерін басқарады, үшінші елесті пианинода ойнау жарыстарына бәстеседі. Онда неліктен біз жаңа доңғалақсыз ( бірақ аттары бар) велосипедті  ойлап табамыз, дегенмен өзінің тиімділігін дәлелдеген ескіні бұзамыз.

Әрине, осындай ойлап табылған әрекетке күшті  идеологиялық тұғырнама келтірілген. Дәл осы спорт түрінің толық бөлінуі басқалардан гөрі Қазақстандағы тұқымды жылқы шаруашылығының дәстүрлерін жандандыруға іспетті, көкпар мен басқа атты спорттық  great again ойындарын жасайды, ат жарысы алаңдары қайта қалпына келтіріледі, мұнын барлығы  әдемі бәстесу арқылы таза өзін-өзі өтеушілікпен жасалады. Бұны қалай атауға болады, кезекті арзан беделшілдіктің көрінісі демесек?

Жоқ, сөзсіз, дәстүрлерді құрметтеу, қолдау керек, болашақ спортшылар ұрпақтарына өзекті болуға мүмкіндік жасау қажет, бірақ неге осындай асыра сілтеушілік әдістермен?

Сөздің ретіне қарай, бүгінгі таңда  барлық Қазақстан бойынша   45 қолданыстағы ат жарысы алаңдары бар, олардың шамасымен нөлі халықаралық   стандарттарға сәйкес келеді. Қайдағы өзін-өзін өтеушілік туралы  айтуға болады. Бұл заңды қолдаушылар біздің төл құндылықтарымызға мән бермесе, онда мүмкін инфрақұрылымның дамуына, спортшыларды дайындауға, жануарларды баптауға үлес қосу керек шығар .

Бұл жерде құмар ойындары бизнесіне таңдаушылық көрінеді. Атты бәстесуге әр жерде біз даңқ ұрамыз, құрмет көрсетеміз, ұлттық дәстүрлерін құтқарушылардың жеңілдіктері мен бейнесі осы, ал басқа нарық буындары үшін  – ақша шығару, жазалау және қор жасау. Онда жанкүйерлерді былай бөлейік: ат бәстесінде ойнасаң – жарайсың, нагыз жігіт және шын  патриот. Футбол,  хоккей немесе боксқа қойсаң – ойын құмар, сұм және отбасыларын бұзушы. Кешіріңіз, Геннадий Головкин, «Барыс», «Кайрат» және басқалар. Өкінішті, сіздер трендтен шығып қалдыңдар, сондықтан атқа отырыңыздар.

Бұл жерде бір ұшы спорт бәсіне барып тірелетін, күн тәртібінен ешқашан түспейтін лудомания тақырыбын қозғаған екенбіз, олай болса, мәселеге басқа қырынан көз салайық.

Соңғы екі жыл бойына реттегіштер әртүрлі ойын бизнесі мен лудоманияның қоғамға (соның ішінде жастарға) теріс ықпалымен белсенді түрде күресіп келеді, ең алдымен тәуелділікке ұшырағандарға психологиялық көмек көрсететін медицина мекемелерімен және Республика Үкіметін ынтымақтастық орнатуға тырысады. Бұған шенеуніктердің жауабы қандай болды?

Тотализатордың жаңа түрі шығарылды! Бұл шешімнен ақылға сиятын логиканы көріп тұрсыз ба?

Бұл не сонда? Ешқандай пайдасы жоқ, мазмұны теңдессіз ойластырылған, оның үстіне ұлттық дәстүрлер мен құндылықтармен бүркемеленген заң жобасы таза бәсекелестікке зиянын тигізеді және әлемге біздің заңнаманың қисынсыздығын, дәйексіздігін және тұрақсыздығын паш ете отырып, әлемдік қауымдастық алдында бізді жер етеді. Біздің көксегеніміз осындай жаңа Қазақстан ба еді?