Back

Қазақстанда Ресейдің агрессивті телеарналары енді көрсетілмейді

Dala Inside телеграм каналы 5 қазаннан бастап BeeTV қосымшасы мен сайтында бірнеше ресейлік арна көрсетілмейді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атап айтқанда, «Дом кино», «Победа», «Музыка Первого», «Телекафе», «Первый канал СНГ», «НТВ МИР», «Россия 24», «Дом кино Premium HD», «РТР Планета», «Карусель International», «О!», «Время: далекое и близкое», «Россия К» арнасын көрсету тоқтатылады.

Олардың орнына «Еврокино», «Любимое Кино», «1HD music» және «Еда Премиум HD» арналары қосылады. Ал TV100 жазылымы бойынша өңірлік 13 арна қосылады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшысы қызметіне Дархан Қыдырәлі келгелі бері, отандық ақпарат кеңістігін ресейдің агрессивті пропагандасынан тазалау жұмыстары басталды.

BeeTV басы ғана. Енді ірі кабельдік операторларға да кезек келмек.

Тағы оқыңыз:

Мешіттер жанындағы жазғы мектептер жастардың діни сауаттылығын көтеруде