Ерлан Нығматулин қамауға алынды – дереккөз

Dalanews 25 қыр. 2022 06:06 244

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің егіз-бауыры, Сенаттың экс-депутаты Ерлан Нығматулин қамауға алынды.

Бұл туралы Pravda.kz telegram-арнасы хабарлады деп жазады kaz.orda.kz.

«Алынған ақпарат бойынша, ҚР парламенті Мәжілісінің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің егізі Ерлан Нығматулин қамауға алынды» делінген хабарламада.

Арнаның ақпараты бойынша, Нығматулинге алаяқтық, салық төлеуден жалтару, кедендік төлемдер, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылып отыр.


«Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, Нығматулиннің өзі және оның бірқатар «көмекшілері» қамауға алынды.

«Сондай-ақ, қолда бар ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдарының Нұрлан Нығматулинге де бірқатар сұрақтары бар. Алайда оның қайда екені әзірге белгісіз» делінген хабарламада.

Бұл туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Нұрлан Нығматулин қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылғы 1 ақпанда Мәжіліс Спикері қызметінен кетті. Ол Парламенттің төменгі палатасын 2016 жылдан бастап басқарған. Оған дейін ол 2012-2014 жылдары Мәжіліс Спикері болған еді. Әр жылдары ол Президент әкімшілігін басқарды және Қарағанды облысының әкімі болды.

Ерлан Нығматулин – Нұрлан Нығматулиннің егіз інісі. Ол Мәжілістің де, Сенаттың да депутаты болған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x