"Путиннің қас-қабағына қарайтын кез емес". Шекарадан өтуді қатаңдату керек!

Dalanews 23 қыр. 2022 05:02 281

Пандемия кезінде қалға блокпостар қойылардың алдында Алматының халықы ауылға қарай бет түзеп, «Алтын ораның» тұсында үлкен көлік тығыны пайда болғаны бәріміздің есімізде. Қазір осыған ұқсас жағдай Қазақстан мен Ресейдің шекерарасында орын алуда.

Біздіңше Ресей азаматтарының көрші Қазақстанға келуі Алматыдан ауылға барып келгендей оңай дүние болмауы керек.

Путиннің мобилизациясынан кейін елімізбен шекаралық аудандарда тұратындардың Қазақстанға бассауғалап қаша бастағанда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, жұртты сабасына түсіруге тырысты.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Ресейдегі шекараны қадағалап тұрған шекара қызметіне түк қатысы жоқ. Мұндайда Ұлттық қауіпсіздің қызметінің төрағасы Ермек Сағымбаев телеарна арқылы қазақ тілінде (бұл мәселе қазақ тілділер қатты алаңдап отыр) түсініктеме бергенде жақсы болар еді.

Ақпарат құралдарына Шекара қызметінің тақұл-тұқыл ақпараты жарияланғанын көрдік. Әлгі ақпараттың жартысында Әшімбаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасалған. Болған-біткені осы.


Әшімбаев өз мәлімдемесінде Қазақстанда тұрақтап тұруға келетін Ресей азаматтар өз елінен рұқсат қағазын алуы керек екен айтты.

Біздіңше, Қазақстанға бет түзеген орыстардың бәрі мұндай анықтама қағазын алуы мүмкін емес. Оның үстіне олар мобизизацияның дүрбелеңі басылған соң, елдеріне қайтуыды да ойлау мүмкін.

Ресеймен көршілес Финландия, Балтық жағалауы елдері бұл іске жедел назар аударып, өздеріне қарай бет түзеген орыстардың алдынан шығып, заңдық тұрғыдан жедел тосқауыл қойды.

Біздіңше Әшімбаев бастаған парламентарий өкілдері де осы мәселеге жедел назар аударып, шекарадан ары-бері өтуді қатаңдататын заңдың нормаларды қабылдауы керек. Құр мәлімдемемен елді сабасына түсіру мүмкін емес.


Ресей Укрианаға қарсы соғас ашқаннан кейін бірақ ауқатты орыстар Қазақстанға бет түзеп, осында келіп ЖСН алып, жұмыс істей бастағанда Парламент депутаттары біздің ЖСН жұртқа тарататын жыртыс емес екенін айтып, ЖСН алуды біршама қиындатты емес пе?

Дәл қазір соған ұқсасы едел-жедел шара қабылдау керек болып тұр. Бұл үшін Путиннің қас қабағына қараудың жөні жоқ.

Нұрлан Жұмахан 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x