«Миллиард долларыңыз сізді құтқармайды!». Олигарх үшін өмірлік сабақ болған оқиға

Dalanews 02 там. 2022 22:25 490

Кеңес өкіметінің шекпенінен шыққан елдердің олигарх-байшыкештері бар мәселені ақшамен шешіп, үйреніп қалғаны жасырын емес. Қазір дәл осындай дерт Ресейде қатты меңдеп тұр. Мұндай дерт біздің елдің олигархтарын да айналып өтпегені анық. Бәрін ақшаның күшімен шешуге әдеттенген олигархтар Батыс елдеріне барғанда тұмсыға тасқа тигендей болады. Бұған ресейлік олигарх Олег Тиньковтың басынан өткен мына жағдай айқын дәлел болады.

Путин Украианаға қарсы әскери операциясын (соғыс) бастағанда Тиньков оған қарсы ойын айтып, ең соңында құны ондаған миллиард доллар тұратын «Тиньков» деп аталатын банкінен айырылғанын білеміз.

Сол Тиньковтың соңғы уақыттары көрмегені жоқ. Ол аққан ауруына шалдығып, өлім аузынан қалған болатын.

Олигарх белгілі блогер Юрий Дудьке берген сұхбатында неміс дәрігерінің алдында ескі әдетіне басып, ыңғайсыз жағдайға қалғанын айтып берді.

– Мен аққан ауруына шалдыққаннан кейін Германия астанасы Берлиндегі Хелиос деп аталатын клиникада ем қабылдап, ота жасатып, білікті неміс дәрігерлерінің арқасында аман қалдым, – дейді Тиньков.

Олигарх ем алып жатқанда, өзімен қатар жатқан палатада лейкемия, яғни, аққан ауруына шалдыққан қарапайым неміс бағбаны да ем алып жатқанын біледі.


Миллиардтаған доллары бар байшыкеш бағбанмен қатар ем алып жатқанын білгенде көңіліне күмән ұялайды ғой. Осылай ойға батқан олигарх өзіне қарап жүрген профессор палатасына бас сұғып, кезекті ем-домын жасай бастағанда ол дәрігердің білегінен шап беріп ұстап, өзінің олигарх екенін айтып, дертінен құлан-таза айығу үшін ақшаны аямайтынын айтады ғой сабазың. Сол кезде неміс дәрігер:

– Тиньков мырза, мен сіздің кім екеніңізді жақсы білемін. Рас, көршілес палатада немістің қарапайым бағбаны дәл сіздің диагнозыңызбен ем алып жатыр. Бірақ біз үшін бұл сіздің көкейіңізге күмән ұялататын дүние емес.

Түсінемін, сіздердің елде ақшаны көп төлеген адамаға жақсы медициналық қызмет көрсетіледі. Бізде басқаша, көрші палатада жатқан бағбан неміс азаматы болғандықтан оның барлық ем-домына кететін шығынды мемлекет төлейді. Ал сіз Германия азаматы болмағандықтан емхана көрсеткен мөлшердегі ақыны төлеп, ем алудасыз.

Сіздің ақшалы адам екеніңізді білеміз. Бірақ біздер мұны пайдаланып, сізден бір тиында артық ақы алмаймыз. Содан кейін лейкемия ауруын емдеу бойынша медицина ғылымның ең соңғы жетістіктері бойынша ем алатыныңызға күмәніңіз болмасын! Дәл сізге көрсеткен ем-шараларларды көрші палатада жатқан қарапайым бағбанға да көрсетеміз. Біз адамдарды алалап, емедемейміз. Өміріңізді сақтап қалу үшін қолдан келген шараның бәрін істейміз. Бұл жерде сіздің өміріңізді ақша арашалап қалмайды, – деген де орыс олигархының беті нарттай болып қызарып кеткен ғой.


Әне дамыған ел... Посткеңестік елдерде аз күнде байып кеткен олигархтар бәрін ақшаға сатып алуға болады деп ойлайды. Дамыған елдерде бәрі керісінше. Батыс елдерінде бірінші орында ақша емес, адам тұрады. Адамаға деген құрмет күшті. Қарапайым бағбанның өмірі үшін мемлекет қандай шығынға болса да дайын. Ал бізде ше?

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x