Декоммунизация: Украиндер Лев Толстай көшесіне Борис Джонсонның есімін берді

Dalanews 22 шіл. 2022 23:08 203

Украинаның Закарпат облысындағы Хуст қаласының әкімшілігі қаладағы Лев Толстой көшесіне Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның есімін берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалалық кеңестің кезекті отырысында орыстың әйгілі жазушысы атындағы көшені Борис Джонсонның атымен атауды кеңес мүшелері бір ауыздан мақұлдаған.

Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері ел аумағында орыс тілінен бас тарту, декоммунизациялау ісі қарқын алуда.

Бұл жолы Хуст қалалық кеңесінің мүшелері бір ғана көшенің атын өзгертумен шектелген жоқ. Олар қаладағы орысқа қатысы бар 60 көшенің атауын түгелдей өзгерткені белгілі болды.


Осылайша Украинаның қалалары Кеңес заманындағы орысша көше аттарын құталып жатыр.

Айталық, Ужгород қаласында – 58 көшенің, Ивано-Франковскіде – 25 көшенің аты өзгертілсе, Ужгород пен Тернополде украиндер Пушкиннің ескерткіші сүріп тастаған.

Ал Мукачев қаласында 1969 жылы орнатылған орыс танксінің ескерткішін күресінге сүйреп тастағанын білеміз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x