"Хәлі мүшкіл". Болат Назарбаевқа тиесілі қор мәлімдеме жасады

Dalanews 22 шіл. 2022 10:12 185

Болат Назарбаевқа тиесілі "Салиқалы ұрпақ" қорының өкілдері оның денсаулығы туралы маңызды ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Болат Назарбаевтың жағдайы мүшкіл, дерті күн өткен сайын асқынып барады. 2015 жылы онкологияға шалдығып, содан бері ұдайы ем алуда", – деп мәлім етті қор директоры Қасым Қасабеков.

Айта кетелік, бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары төсек тартып жатқан Болат Назарбаевтың суреті мен видеосын жариялаған еді.

Экс-президенттің інісіне қатысты маңызды мәлімет таратқан дереккөздер Назарбаевтың мына жалғаннан күдер үзе бастағанын, "дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысып жатқанын" хабарлаған.


"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының ресми сайтында Болат Назарбаевтың есімі ұйымның құрылтайшысы есебінде көрсетілген. Назарбаевтың інісі биылғы жылдың наурыз айында 69 жасқа толды.

[video width="464" height="848" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/07/video5391240041693453647.mp4"][/video]

Қаңтарда алаңға шыққан жұрт Назарбаев әулетінің биліктен кетуін талап еткен. Жаңа Қазақстан басшылығы экс-президенттің туыс-туғандарына тиесілі бизнес империяларды біртіндеп мемлекет меншігіне қайтаруда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x