«Путин үмітті ақтамады». Германия Украинаға беретін қаруларының тізімін жариялады

Dalanews 13 шіл. 2022 10:55 283

Германия үкіметі жақын уақытта Украинаға тапсыратын қару-жарақ пен өзге де қорғаныс құралдарының тізімін жария етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Немістер уәде еткен қару-жарақтарын Украинаға жеткізуде енжарлық танытып келген еді. Олар Путиннің ақылға келіп, қан-төгісті тоқтата ма деген үміті болғаны анық еді.

Бірақ Путин олардың үмітін ақтаған жоқ. Күні кеше ғана орыстар Германияға газ тасымалдайтын «Солтүстік ағын 1» газ құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізуді желеу етіп, құбырдың жұмысын тоқтатты.

Мамандар болса, Ресей билігі сынықты сылтау етіп, Еуропаға газ жөнелтуді ерте бастан тоқтатып, бопсалауы мүмкін екенін айтып қалды.

Орыстардың осы бір әрекеті немістердің Украинаға қару-жарық жеткізуін жеделдете түсуі бек мүмкін.

Осы оқиғадан кейін іле-шала Германия билігі Украинаға уәде еткен қару-жарақтарының тізімін жариялады. Сонымен ол қандай қару-жарақтар?

53 мың зенитті оқ-дәрі;

ықшам радиолокациялық станса мен тепловизрлік құралдар;

үш жылжымалы Panzerhaubitzen 2000 гаубициясы;

4 мың рет атуға жететін танкке арналған зениттік оқ-дәрі;

20 автономды суда жүзетін дрон;

14 сүйретпе мен 14 жартылай тіркеме;

43 барлау дроны;

54 БТР М113 әскери машинасы (Данияда шығарылған);

30 Танкке орнатылған GEPARD зениттік жүйесі;

IRIS-T SLM әуе қорғанысы жүйесі;

үш MARS жаппай атыс жүйесін қажетті оқ-дәрісімен бермекші, сонымен қатар немістер медикаменттер мен әскери автомобилдерді беруді көздеп отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x