"РБ-2022 сыйлығының" қорытындысы бойынша Olimpbet компаниясы Қазақстанның үздік букмекері болып танылды

Dalanews 04 шіл. 2022 04:24 241

30 маусымда Мәскеуде Спорт және букмекер саласындағы IV Халықаралық сыйлықты табыстау салтанаты өтті. "Қазақстанның үздік букмекері" номинациясында Оlimpbet компаниясы жеңіске жетіп, осы саланың көшбасшысы мәртебесіне ие болды.

"Біз өз ісіміздің үздігі атану үшін ұзақ және қажырлы еңбек еттік. Бізге сенім артқан және таңдауын Olimpbet пайдасына жасаған клиенттерімізге алғысымыз мол", - деді Olimpbet БК ТМД бойынша маркетинг жөніндегі директоры Елена Мелешина сахнада марапатты қабылдау сәтінде.



Дауыс беру екі кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде 2022 жылғы ақпан-мамыр айларының аралығында Сыйлық порталына барлық ниет білдірушілер қатысты. Екінші кезеңде жеңімпаздарды құрамына атақты спортшылар, басқарушылар, журналистер мен спорт ардагерлері кірген қазылар алқасы таңдады. Кештің басты жұлдызы және құрметті қонағы "Арсенал", "Реал Мадрид" және "Манчестер Сити" командаларының бұрынғы баршаға белгілі шабуылшысы Эммануэль Адебайор болды.

"Бұл марапат – біздің команданың Қазақстандағы спортты дамыту және қолдау бойынша атқарған жұмысының нәтижесі", – деп толықтырды Olimpbet Kazakhstan сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Андрей Жарков.



Olimpbet БК сондай-ақ "Ең үздік клиенттік сервис" және "Рунет нұсқасы бойынша ең үздік букмекер" номинацияларын жеңіп алды. Бұл көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен пайдаланушылар тарапынан шексіз сенімнің дәлелі болып табылады.

"РБ сыйлығы" – букмекерлік және спорттық саладағы ауқымды халықаралық оқиға. Салтанатты рәсімде нарықты одан әрі дамытуға ықпал ететін ең табысты бизнес-кейстер қорытындыланып, атап өтілді. Сондай-ақ жылдың үздік спортшысына, үздік спорттық БАҚ және жылдың үздік спорт журналисіне, телекомментаторына, Youtube және Telegram спорттық арналары және басқаларына марапаттар табыс етілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x