Назарбаеваға тиесілі компания пойыз билеттерін әлі күнге саудалауда

Dalanews 30 мау. 2022 09:34 214

«Қазақтелеком» АҚ Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments ЖШС-мен ынтымақтастығын тоқтатты. Компания бұл шешімнің абоненттерге әсер етпейтініне сенімді.

Өйткені ұлттық компания банктермен, төлем және қаржылық қызметтерді жеткізушілермен жұмыс істеуді бастап кеткен. Келісімшартқа сәйкес абоненттерден комиссия алынбайды.

Келісім биыл 27 мамырдан бастап бұзылған.

Ал Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты ҚТЖ әлі бұзған жоқ.

Оның үстіне 1 мамырдан бастап агрегаторлық компаниялар үшін комиссия әрбір теміржол билетіне 46,65 теңгеге дейін өсті.

Orda.kz редакциясының сұрауы бойынша ҚТЖ Instant Payments ЖШС мен агрегаторлық компаниялардың ынтымақтастығы акционерлік қоғамның бақылауында емес екенін хабарлады. Бірақ комиссияның көтерілуі дәл ҚТЖ-мен байланысты болып тұр.

«Жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру және сату саласында жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы инфляция деңгейін ескере отырып, тарифті 5%-ға көтеру туралы шешім қабылдады» деді компания.

Айта кетсек, Әлия Назарбаева Instant Payments ЖШС-ін дәл осы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ-ына делдалдық қызмет көрсету үшін құрған болатын.

Ол компания қазір әлі де интернетте пойыз билеттерін сату жүйесіне қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр және ұлттық байланыс операторынан төлемдер қабылдайды.


Негізінде ҚТЖ мен Instant Payments ЖШС арасындағы келісімшарт 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін 9 жылға жасалған. Ақпан айының басында компаниялар жолаушылар пойыздарына электронды жол жүру құжаттарын беру мен сатуды ұйымдастыру бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім қабылдаған.

Ал 8 сәуірде Instant Payments ЖШС-нің әлі де онлайн билеттерді сататын агрегаторлық компаниялар үшін комиссияны көтеретіні белгілі болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x