Түркия электромобиль өндірісін дамытуға білек сыбана кірісті

Dalanews 27 мау. 2022 07:22 340

2018 жылы Түркия президенті Тайып Ердоғанның тапсырмасымен «Түрік автомобильдер» (TOGG) компаниясы құрылған болатын. Міне, Түркия нарығында 4 жыл бойы табысты жұмыс істеген компания өздерінің алғашқы электромобильдерін шығаруға дайындық жұмыстарын бастап кетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

TOGG компаниясы 2020 жылдың 27 желтоқсанда Ердоғанның қатысуымен алғашқы C-SUV, C-Sedan деп аталатын электромобильдерін жұртшылыққа таныстырған болатын. Қазіргі таңда Түркия көлікқұрастыру саласына баса көңіл бөліп отыр.

Түркияның автоқұрастыру саласы Бурса қаласында орналасады. 2020 жылы 18 шілдеде Бурсаның Гемлик ауданында зауыттың алғашқы іргетасы қаланған болатын. Өз кезегінде TOGG копнаиясының басшылары зауытта еңбек ететін қызметкерлердің 30 пайызы әйел азаматтар болатынын жария етті.

Осы ретте түріктер электромобильге қажетті қосалқы бөлшектердің төрттен үшін Түркияның компанияларынан сатып алып, қалғанын Еуропа мен Азия елдерінен тасымалдауды көздеп отыр.


Электромобиль өндірісінің дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін 2023 жылы түрік ағайындар С сегментіне жататын SUV электромобильін жұртшылық назарына ұсынудың көздеп отыр.

Алдағы уақытта  Бурсадағы көлік құрастыру зауыты электромобилдің 5 түрін шығарып, жылына 175 000 көлік құрастыратын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x