Тоқаев Ресей ұсынған марапаттан бас тартты

Dalanews 18 мау. 2022 05:22 375

Еділов телеграм арнасының жазғанындай кешегі Петербор форумында Ресей тарапы президент Тоқаевты "Александр Невский" орденімен марапаттауға ықылас білдірген. 

Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

Тоқаев көрсетілген құрметке алғысын білдіре отырып, төсбелгіден сыпайы түрде бас тартыпты.

Мемлекет басшысы президенттік мерзімі аяқталғанға дейін ел ішінен болсын, шетелден болсын қандай да бір марапат қабылдамау туралы тоқтамға келген.

Түнеукүні Бішкекке сапарлап барған Қазақстан президенті қырғыз жағы ұсынған бірінші дәрежелі "Манас" орденінен де дәл осы себепті бас тартқан еді.

 

https://dalanews.kz/bas-takyryp/78499-peterbor-forumy-toqaev-ormanday-orys

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x