Украина vs Ресей? Зеленский соғыстың қалай аяқталатынын айтты

Dalanews 15 мау. 2022 02:33 188

Украина президенті Владимир Зеленский Дания журналистеріне сұхбат беріп, соғыс Украиананың тәуелсіздігін құрметтеумен ғана аяқталуы тиіс екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде Украина сарбаздары елдің тұтастығы үшін күресіп жатқаны белгілі. Ресейдің агерссорлық әрекеті уккраин сарбаздары барынша тойтарыс беруде.

Соғыс басталған сәтте Ресей келіссөз жүргізуге анау айтқандай ықылас танытпағаны белгілі. Кремль Украинаны 3-4 күнде жауалап алып, ел астанасы Киевте өзінің жеңісін тойлаймыз деп ойлаған еді. Батыс елдері де Ресейдің Украинаны аз ғана уақытта жауалап алатынына сенген еді.

Бірақ Укриана сарбаздары окупанттарға табанды түрде қарсылық білдіріп, айдай әлемге Ресей әскерінің бет-бейнесін ашып бергені белгілі.

Бүгінде екі жақтың кескілескен ұрыс жүргізіп жатқанына 110 күннен асып кетті. Бүкіл әлем Украина әскерінің өліспей беріспейтінін көріп отыр. Украина президенті Владимир Зеленский Дания журналистеріне сұхбат беріп соғыстың қалай аяқталатыны жайында айтып берді.

Минимум 50 мың теңге келеді


– Соғыстың тоқтайтыны анық. Бірақ бұл – соғыс украиндер өз жерін окупанттардан толық азат еткен жағадай ғана аяқталады. Біздер қолына қару алмай келген келген кез халықты құшақ жая қарсы аламыз. Сондықтан бұл – соғыс украин халқын, украин жерін, біздің азаматтарды, еліміздің тәуелсіздігін құрметтеумен ғана аяқталуы керек. Бұдан басқа жол жоқ, – деп кесіп айтты.

Осылайша Украина президенті соғыс елінің территориялық тұтастығын қалпына келтірген кезде ғана аяқталатынын ашып айтты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x