Back

“Суперпрезиденттік дәуір келмеске кетті”. Ата заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді

Орталық референдум комиссиясы мемлекеттік БАҚ-та референдумның қорытындылары туралы ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Осылайша Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді.

Басты өзгерістер:

  • Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді.
  • Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
  • Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.
  • Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.
  • Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ.
  • Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады.
  • Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады.
  • Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.
  • Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.

Тағы оқыңыз:

«Дүкеншілер қантты тығып отыр». Ақтөбелік шенді қант тапшылығын жоққа шығарды