Cоңғы жаңалықтар
Back

«Қажылық созылады». Байбекке халықаралық іздеу жариялануы мүмкін

Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке халықаралық іздеуге жариялану мүмкін. Бұл туралы журналист Денис Кривошеев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Жақында Б.Б.К (Бауыржан Байбек) есімді азамат халықаралық іздеуде болады деген қауесет бар. Қажылық енді ұзағырақ болады… Әйеліне де сұрақтар тізімі бар дейді. Бірақ ол ресми түрде декреттік демалыста» делінген хабарламада.

Бұл туралы әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жоқ.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғаннан кейін  Бауыржан Байбек Қазақстаннан 15 наурызда Германияға ұшып кетті кетті делінген ақпарат шықты.

Тағы оқыңыз:

«Бірінші сынып оқушысына үш тілді қатар меңгеру қиын». Аймағамбетов қателікті мойындады

АҚШ Абрамовичтің екі ұшағының ұшып-қонуына шектеу қойды