«Өз сөзінен өзі қорқады». Халыққа сөзіне сенімді, еркін ойлы сарапшылар керек

Dalanews 03 мау. 2022 16:39 355

Редакциядан: Аrasha.kz сайтының бас редакторы, белгілі журналист Өміржан Әбдіхалықұлы сайт тілшілеріне сұхбат беріп, артынан өз сөзінен өзі қорқаққан ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымовтың сұхбатын сайттан алып тастауға мәжбүр болғанын жазды.

 

– Аrasha.kz сұхбат береді. Оны тағы өздері қарап шығады (спикерге құрмет есепті жасалады). Сосын тақырыбын «біз айтқандай қоймадыңдар, өзгерттіңдер» деп тулайды келіп. Сұхбат алған тілшіге қайта-қайта хабарласып, миын ашытады.

Аспаннан алып тақырып қоймайсың. Өз сөзі. Өз сөзінен өзі қорқады. Сөйте тұрып, елге саясат, реформалар, референдум туралы айтады. Осындай қайшылыққа толы, өз сөздерінен өздері қорқып, үркіп жүрген саясаттанушылар қоғамдық пікірді түзуге талпынады, ал мекеме президентке саяси зерттеулер ұсынып отырады.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов мырзаның берген сұхбатына рахмет айтып, сайттан алып тастаймыз!


Сіздің өзіңіз қорқатын сөзіңіздің аудиторияға керегі шамалы. Аудиторияға өз сөзіне сенімді, тәуелсіз, еркін ой-пікірін қадірлей алатын саясаттанушы сарапшылар керек. Мұндай жағдай жиі кездесіп тұрады. Алайда енді осыны тоқтатайық.

Жаңа Қазақстан жағдайында Президент жанындағы ұйымдар да ойлануы шарт деп білеміз, – деді әріптесіміз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x