Нұрлан Мәсімовті тапқан адамға қомақты сыйақы беріледі

Dalanews 03 мау. 2022 15:17 176

Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Телеграм арнасына жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 


“Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған МАСИМОВ НҰРЛАН МЫРЗАХАНҰЛЫ іздестірілуде.


Іздестірілушіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз


call-центр 1424


+7 (7172) 909 260


+7 (727) 278 7300


+7 (707) 978 0808


Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.


Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі!”, делінген хабарламада.


Еске салайық, Кәрім Мәсімовтің немере ағасы Нұрлан Мәсімов 2022 жылдың 17 қаңтарында Павлодар облысының полиция басшысы қызметінен босатылған болатын.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x