Антикор Назарбаевтың қызын тергеуді бастады

Dalanews 02 мау. 2022 06:03 286

Telegram-арналардың бірі антикор Әлия Назарбаеваның қорына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz порталына сілтеп.

«Беркут под солнцем» арнасының хабарлауынша, Антикор Әлия Назарбаева негізін қалаған Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорын тергеп жатыр.


Қазір қор директоры Ермек Мәжитовтен тергеушілер жауап алып жатқан көрінеді. Толық мәліметтер әлі жарияланбаған.

...

Бұған дейін Британ депутаты Назарбаев әулетінің қалай байығанын айтқан еді.

Британдық Парламенттің лейбористік партиясының мүшесі Маргарет Ходж Ұлыбритания "2008-2015 жылдары Қазақстаннан заңсыз жолмен тапқан арам ақшаларын жасырған 205 қазақстандық клептократқа алтын виза бергенін" мәлім еткен.

"Қазақстандық элитаның Ұлыбританияда 500 млн фунт стерлингтен астам жылжымайтын мүлікке ие. Бұл соманың шамамен 330 млн фунт стерлингі Назарбаев отбасына тиесілі", – деген болатын депутат.



Ұлыбритания Жоғарғы Соты өз кезегінде Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күрделі оффшорлық құрылымдар арқылы, оның ішінде Британ Виргин аралдарына елден $300 миллионнан астам қаражат шығарғанына баса назар аударған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x