Генерал-лейтенанттың қамау мерзімі ұзартылды

Dalanews 31 мам. 2022 02:46 289

Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде Қорғаныс министрі болған Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20-маусымға дейін ұзартылды. Экс-министр қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, оның үстінен «биліктегі әрекетсіздік» бабымен қылмыстық іс қозғалған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Генерал үш айдан бері тергеу изоляторында отыр. Мұрат Бектанов Жамбыл облысындағы әсери қоймадағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі болып тағайындалған.

Генерал-лейтенант бар болғаны алты ай министр болып жұмыс істеді.

Қаңтардағы бейберекетсіздіктен кейін Президент оны қауіп-қатерді тойтаруда «командирлік қабілетіңді көрсете алмадың» деп сынаған болатын.


Ол көп ұзамай қызметінен босатылды. Себебі, жаппай тәртіпсіздік кезінде ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ұлттық Ұлан мен полицейлерге ғана жұмылған.

Ал қиын-қыстау шақта Қазақстанның қарулы күштерінің немен айналысқаны беймәлім. Бұл жайттар енді тергеу барысында анықталмақ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x