«Жастардың 40%-ы мамандығымен жұмыс істемейді». Әшімбаев мырза, зауыт-фабрика болмаса, жастар қайда барып жұмыс істейді?

Dalanews 20 мам. 2022 08:52 186

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттік тыңдауда Қазақстандағы жастар жұмыссыздығының нақты деңгейін атап өтті. Жоғарғы палата басшысының мәліметінше, жоғары білімі бар қазақстандық жастардың 40%-дан астамы мамандық бойынша жұмыс істемейді.

Мәулен Әшімбаев елдегі жастар арасындағы жұмыссыздықтың ресми деңгейі салыстырмалы түрде төмен екенін айтты. 2020 жылы ол 3,8%-ды құраған. Алайда, оның айтуынша, балама зерттеулер басқа тенденцияны көрсетеді.

– Тәуелсіз ұйымдардың сауалнамаларына сәйкес, 25-29 жас аралығындағы респонденттердің шамамен 12%-ы әлі тұрақты жұмыс істемеген. Жоғары білімді қазақстандық жастардың 40% – дан астамы мамандық бойынша жұмыс істемейді, – деп мәлімдеді Сенат Төрағасы.


Ол, сондай-ақ, өңірлік дамудағы теңгерімсіздіктер, ауылдардан қалаларға қоныс аударатын жастар жұмыссыздық деңгейін арттыратынын атап өтті. Сонымен қатар, спикер қазіргі таңда қазақстандық жастардың басым бөлігі оңтүстік аймақтарда тұратынын айтты.

– Оңтүстік төрт өңірде – Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында, сондай- ақ, Алматы мен Шымкент қалаларында жастардың жартысынан көбі тұрады. Бұл осы аймақтардағы әлеуметтік мәселелерді қиындатады, – деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x