Есентай Тауэр Бурдж Халифадан 500 млн қымбатқа салынған ба? (видео)

Dalanews 17 мам. 2022 01:52 299

Жақында Тик-токты қарап отырып, Алматыдағы Esentai Tower сауда үйінің  әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі Бурдж Халифа мұнарасынан 500 млн долларға қымбат екеніне естігенде таңқалдым. Бір қателік кеткен шығар деп Тик-токтағы видеоны бірнеше рет қарап көріп, «Википедиядағы» скрин-шотын көріп сенбеске лажымыз болмады.

Содан көзімді жеткізе түсейік деп «Википедияға» Esentai Tower жазғанымызда, онда мардымды мәлімет жоқ екен. Бұдан кейін ғаламторда осыған қатысты ақпаратты іздеп, Tengrinews.kz сайтында Esentai Tower-дің құны 1,5 млрд доллар деп көрсетіліпті.

1,5 млрд доллар да оңай ақша емес қой. Өйткені Esentai Tower Бурдж Халифамен салыстыруға келмейтін ғимарат қой. Мұны Тәуелсіздік жылдарының еншісіндегі 40 өтіріктің бірі деп қабылдадым.

Қонаев парақшасына жазылыңыз!




Бұл аз десеңіз тағы да айта түсейік, елордадағы ЛРТ құрылысының құны қаншалықты көтеріліп көрсетілгенін жұрттың бәрі біледі. Іргеміздегі өзбектер дәл сондай көлік жолын 300 млн долларға салғанын естігенде, біздің шенділердің кез келген жобаның бағасын өтірік көтеріп, ақша жымқыруда асқан шеберге айналғаны анық. Бұл – нағыз әділетсіздіктің өзі емес пе?

[video width="576" height="1024" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/05/WhatsApp-Video-2022-05-17-at-07.48.35.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x