Пентагон: "Ойқастап алғы шепке шыққан орыс генералдары оққа ұшып жатыр"

Dalanews 11 мам. 2022 02:49 345

АҚШ Қорғаныс министрлігінің барлау басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Скотт Беррье Украина мен Ресей арасындағы соғыс кезінде Кремль 8-10 генералын жоғалтқанын алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz CNN арнасына сілтеме жасап.

Пентагон өкілі Американың әскери барлау басқармасы соғыс кезінде орыстардың қанша қолбасшысынан айырылғанын барынша дәл бақылауға тырысып жатқандарын алға тартты.

Бар-жоғы екі айда мұншама генералдардың мерт болуы, Ресей әскерінің соғыс барысын жоспарлау ісініде кемшілік кетіп жатқанынан хабар беретіні анық.

АҚШ әскері 20 жылға созылған Ауғанстандағы әскери қақтығыс кезінде мұншама генералдарынан айырылмаған-ды.

Американың кейбін шенділері АҚШ-тың әскери барлау қызметі Украина қарулы күштеріне дәл ақпараттар бергеннен кейін, украин сарбаздары Ресейдің осыншама генералдарының көзін жойғанын айтуда. Бұл сөздің де жаны бар. Пентагон өкілдері орыс генералдары сарбаздардың соғысқа деген құлшынысын арттыру үшін алдыңғы шепте жүріп оққа ұшып жатқанын айтуда. Қалай болғанда да дәл қазір  Ресей әскерінің моральдық ахуалы сын көтермей тұрғаны анық.


Бұған дейін The New York Times басылымы осыған дейін мерт болған Ресей генералдарының саны 20 жеткенін жазған болатын. Ал 15 наурызда Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі қарулы қақтығыс кезінде кем дегенде Ресейдің 10 генералы мерт болғанын алға тартқан еді. Осыға дейін ақпарат құралдарында Укриана жерінде Андрей Суховецкий, Виталий Герасимов, Андрей Колесников, Андрей Мордвичев, Магомед Тушаев, Олег Митяев, Яков Резанцев есімді әскери қолбасшылардың ажал құшқаны жайында жазған болатын. Өз кезігінде Ресей тарабы екі генерал-майора Андрей Суховецкий мен Владимир Фроловтың көз жұмғанын растаған-ды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x