Назарбаев сіз бен бізден артық емес. Қош болыңыз, Елбасы - Мәжіліс депутаты

Dalanews 05 мам. 2022 07:35 237

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса "ҚР тұңғыш президенті - Елбасы туралы" заңның алынып тастайтынына қатысты көзқарасын білдірді. Экс-президенттің есімі Ата заңда аталмайды деген депутат бұдан былай Назарбаев пен еліміздің кез-келген адамының құқықтары бірдей болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазыбек Иса жазбасында бұған дейін елді шулатқан "Назарбаев Қазақстанның негізін салушы" деген баға конституцияға жазылмайтынына тоқталған.

"ҚР тұңғыш президенті - Елбасы туралы" заңы да жойылады. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Еститін мемлекет" дегенінің тағы бір дәлелі осы болса керек! Жаңа Қазақ Еліне жасалған тағы бір басты қадам! Түбегейлі өзгерістің, саяси реформаның бастамасы!", - делінген депутаттың Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.

Депутат осы аптаның басында өткен "Ақ жол" фракциясы жиынында бұл мәселе талқыланғанын айтады. Исаның сөзінше, "Егер Назарбаевтың аты Ата заңға Қазақстанның негізін қалаушы ретінде жазылса, онда ата тарихымыздағы Алаш, Қазақ хандығы, Алтын Орда, арыдағы Түрік қағанаты қайда қалады?" - деген мәселе көтерілген.

"5 мамырдағы парламент мәжілісінің жалпы отырысында осы мәселеге нүкте қойылады.

Енді Назарбаев пен еліміздің кез келген адамының құқықтары бірдей!


Иә, кәдімгі дамыған демократиялық елдердегідей барлық адамдардың қақы тең! Әділетті Қазақстан дегенге ел сенімі ояна бастады. Қош болыңыз, елбасы", - деп түйіндеді Қазыбек Иса.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x