Cоңғы жаңалықтар
Back

«Сбербанк» SWIFT жүйесінен ажыратылды». ЕуроОдақ басшысы алтыншы санкциялар пакетін жария етті

Одақтың басшысы Урсула фон дер Ляйен Ресейге қарсы бағытталған алтыншы санкциялар пакетін жария етті. Осылайша кәрі құрлық елдері Украинаға соғыс ашқан Кремльді жазалауын жалғастыруда.

– Бүгін біз Ресейдің Украинаға жасаған агерссиялық әрекетіне қарсы алтыншы санкциялар пакетін жарияладық. Бірінші кезекте – біздер Ресейдің жоғары лауазымды әскери қызметкерлері мен өзге де жауапты тұлғаларының Буча мен Мариупол қалаларында адамшылыққа жатпайтын әрекетке жол бергені үшін оларға қарсы санкция жариялап отырмыз. Бұл Кремльдің әскерилері үшін үлкен ескерту. Біз олардың кімдер екенін жақсы білеміз. Алдағы уақытта олар жасаған қылмыстары үшін жауап беретін болады, – деп Урсула фон дер Ляйен Ресейге сес көрсетті.

Сонымен бірге ЕО басшысы Ресейдің ең ірі банкы «Сбербанк» SWIFT жүйесінен ажыратылығанын жария етті.

– Алтыншы санкциялар пакетін орай, Ресейдің жетекші банкы «Сбербанк» SWIFT жүйесінен ажыратылды. Бұл агрессор елдің қаржы жүйесіне жасалған үлкен соққы. Енді Ресей үшін дүниежүзілік қаржы жүйесі қолжетімсіз, – деді Урсула фон дер Ляйен.

Жаңадан қабылданған санкциялар пакетінде Ресейдің үш бірдей мемлекеттік арналарының ЕуроОдақ аумағына хабар тарату құқығынан айырылғаны мәлім болды. Бұл жайында Урсула фон дер Ляйен ойын былайша сабақтады.

– Енді Кремльдің пропагандасымен айналысатын мемлекеттік арналар ЕуроОдақ аумағына кабель, спутник және интернет арқылы хабар таратуына тосқауыл қойылды. Ресейдің мемлекеттік арналары Путиннің жалған мәлімдемелерін таратып, жұрттың миын улауына жол бермейміз. Осыған дейін Ресей Еуропа елдерінің білікті бухгалтер, кеңесші және пиар мамандарының қызметіне жүгініп келген еді. Енді біздің тәжірибелі мамандар Ресей компанияларына қызмет көрсетпейді, – деді ЕО басшысы.

Бұдан басқа ЕуроОдақ Ресейдің мұнайынан бас тарту мәселесін қарастырып жатқанын Урсула фон дер Ляйен мәлім етті.  

– Қазіргі таңда біздер Ресей мұнайын ЕуроОдақ елдеріне сатуына тыйым салуды қарастырудамыз. Алдағы уақытта Ресейден құбыр, теңіз жолдарымен келетін мұнай және мұнай өнімдерінің бәріне тыйым салатын боламыз. Қазіргі таңда кезең-кезеңімен Ресей мұнайынан бас тартуды жолын қарастырып жатырмыз. Алдағы алты айда Ресейдің шикі мұнайын бас тартсақ, жыл аяғында мұнай өнімдерін ЕО аумағына тасымалдауға толықтай тосқауыл қоямыз, – деп ЕО басшысы жоспарымен бөлісті.

Тағы оқыңыз:

Нұрлан Ноғаев: «Жұмысқа шетелдіктерді емес, жергілікті тұрғындарды тарту керек»

«AMANAT» партиясы шалғайдағы ауылдардың мәселесін шешуге баса мән беруде