«Билік үнсіз қалмауы керек!». Кремль қазақ мұнайы тасымалының жолын жаппақ па?

Dalanews 01 мам. 2022 06:08 220

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында Каспий құбыр консорциумын (КҚК) ұлттандыру (национализациалау) қажеттігі жөнінде мақалалар пайда бола бастады.

Ресей Украинаға мұнай өнімдерін тасымалдауды тоқтатқанымен, украиналық әскери күштерде мұнай тапшылығы байқалмаған. Яғни, «жанармай жеткізілімдерімен проблема жоқ» деп отыр ресейлік сарапшылар

Украинаға жанармай жеткізетін негізгі көздерінің бірі – Румыния. Онда 2 мұнай өңдеу зауыты орналасқан. Олар – Petromidia и Vega. Екеуі де Rompetrol компаниясының қарамағында (компания акцияларының 100%-ы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі).

Ресейлік сарапшыларының айтуынша, бұл зауыттарға мұнай Қазақстаннан жеткізілетін көрінеді. Ал жеткізілім тізбегінің басында КҚК тұр.


Ірі саяси «Незыгарь» атты телеграм-арнасы Ресей билігінің  КҚК-ны национализациялап, қазақстандық мұнай экспортына жол жабу мүмкіндіктерін қарастыру жөніндегі шешімдерді жүзеге асыру туралы сөз қозғауда.

Сонда Ресей билігінің  КҚК-ны национализациалау туралы шешімдері қашан қабылданған?

Неге бұл туралы Қазақстан тарапынан ешбір мәлімет жасалмай отыр? Каспий құбыр консорциумында біздің де үлесіміз бар емес пе? Әлде оны да сатып жібердік па?

Сонда Ресей бұл консорциуымды күшпен тартып алмақ қой, солай ма? Мұндай мәлімдемелер Қазақстан билігі жағынан жауапсыз қалмауы тиіс. Себебі мұнай экспорты Қазақстан экономикасының 1/3 бөлігін қамтамасыз етеді. Ал РФ арқылы мұнайдың барлық экспорттық жеткізілімдерінің 94%-ы өтеді.

Мұхтар ТҮМЕНБАЙ, журналист.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x