«Причем тут Сапарбаев?!». Журналистердің әкімге есеп бергені несі?

Dalanews 14 нау. 2022 00:45 194

Соңғы кездері Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев жазық жерде сүрініп, елдің сынына қалуы әдетке айналғандай... Бұл жолы белгілі журналист Жасұлан Әбдіхалықұлы жергілікті ақпарат құралдарының Сапарбаевқа есеп бергенін сын айтыпты.

– Балдар, бірдеңе айтамын ренжімеңдерші. Ренжісеңдерде айтамын.

«Әкім журналистермен жүздесті», «Облыс басшысы БАҚ өкілдерімен кездесті» дегенді түсінемін. Ал бірақ, «БАҚ басшылары әкімге есеп берді» дегенді естімеппін. Оны да естідік. Оның үстіне ол БАҚ-тың бірі ЖШС болса, екіншісі Ұлттық арнаның филиалы. Причем тут Сапарбаев?!


Тайғанақ твыны басқарғанда ішкі саясаттың мамандары монтажда отыратын, кәсіби тілшілерге ақыл айтып. Бәрін бір күнде қуып шыққанымды жақсы білесіңдер.

Шерхан шыққан ауылдың балдары екендеріңді ұмытпасаңдаршы.

Келесі жолы Дәулет Кәрібек пен Алмас Садубаевқа текст тексертіп отырмаңдар, – дейді Жасұлан Әбдіхалықұлы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x