«Мәсімов – өте интеллигент адам. Қу, шебер «патша сарайшысы». Ертісбаев Кәрімнің мақтауын асырыпты

Dalanews 16 ақп. 2022 03:24 219

Гүлнар Бажыкенованың «Ответь Бажкеновой» каналына сұхбат берген Ермұхамет Ертісбаев Кәрім Мәсімовтың саяси болымысына аз-кем баға беріпті. Сонымен қатар ол «20 мың террорист кірді» деген ақпаратты Тоқаевқа сол кездегі ҰҚК басшысы бергенін де айтыпты. Осы ретте Nege.kz сайты Ертісбаевтың сұхбатында айтылған тұшымды ойларын ықшамдап жариялауды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кәрім Мәсімовтың не ойлағанының қазір маңызы жоқ. Өйткені, Назарбаев билікті толық уысынан шығарып алды. Мәсімовтің тұтқындалуына келсек, ҰҚК – саяси барлау. Олар елде толқу болатынын біле тұра «есінеп» отырды. Ешқандай ескерту бермеді.

Екінші себебі – арандатушылық. Шеруге шыққандардың 95 пайызы – саяси наразылар. 5 пайызы – әдеттегідей тонаушылар, содырлар, терроршылар, тікелей кланға қатысы бар күштік құрылымдар болды. Олардың мақсаты – революция идеясын бүлдіру еді.

5 қаңтардағы Тоқаевтың жағдайы есіңізде ме? Оған «Президент қызметін таста» деген қатты қысым болды. «20 мың террорист» деген ақпаратты Тоқаевқа сол кездегі ҰҚК басшысы берген. Оны қорқытпақ болған. «Наразылықтың көлемі сұмдық, билік құлауға шақ тұр. Иә, астанадан кету керек» деп, қатты қысым көрсетілді.


Кәрім Мәсімов – өте интеллигент адам. Қу, шебер «патша сарайшысы». Жақсы мағынасында айтып отырмын. 2009-2013 жылдар арасындағы Әбіләзовтің сұхбатын қарап шығыңыздаршы. Әблязов: «Мәсімов Назарбаевтың сеніміне кіріп қана қоймай, билікке өзі келу үшін іргетас қалай бастайды» деуден танбай келді. Тоқаев астыртын сөз байласқандар туралы да айтып қалды. Бұл оқиғалар кезінде Мәсімов, сөз жоқ, шешулі рөл атқарды. Назарбаев пен Тоқаев үшін бәрі күтпеген жағдай болды...

Соңғы екі жылда Мәсімовтен бәрі қорқа бастады. Шексіз билігі болды...

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x