Back

Назарбаева отставкаға кетуі керек. Ол сенім вотумынан айырылды – депутат Сарым

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әріптесі Дариға Назарбаеваның орнын босатып, отставкаға кетуін талап етті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Қалыптасқан ахуалды ескере отырып, ең алдымен осы елдің азаматы ретінде ол өз еркімен отставкаға кетуі тиіс. Назарбаева “Жаңа Қазақстан” тобының құрамына кірген жоқ.

Қазақстанда қалыптасқан авторитарлы жүйені Назарбаеваның аты-жөнімен байланыстырады. Күні кешегі оқиғалар да осы жүйеге деген қарсылықтан туындады”, – дейді Сарым.

Мәжілісменнің пікірінше экс-президенттің қызы ел алдындағы сенім вотумынан айырылған.

Айта кетелік, Дариға Назарбаева Қаңтар оқиғасы басталғалы бері Мәжілістің бірде-бір жиынында төбе көрсетпеді. Ресми ақпарат бойынша ол коронавирус жұқтырып, төсек тартып жатыр. Бейресми мәлімет бойынша Назарбаева қаңтар дүрбелеңі басталған тұста Дубайға ұшып кеткен.

Тағы оқыңыз:

Атырау қаласына Қарағандыдан арнайы келіп, есірткі сатқан әйел ұсталды