"Халық кедей!". Тоқаев Назарбаевтың сөзін жоққа шығарды

Dalanews 08 ақп. 2022 10:17 230

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандықтардың кірістері арасындағы алшақтықты азайтуды тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Халықтың табысын арттырып, табыс арасындағы алшақтықты азайту керек. Өкінішке орай, соңғы уақытта халықтың табысы экономиканың жақсаруы есебінен емес, әлеуметтік аударымдар есебінен артты. Әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар көп", – дейді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек табысының үлесі 80 пайыздан 67 пайызға дейін төмендеген. Ал әлеуметтік аударымдар 17-ден 29 пайызға дейін өсті. Осы деректерге сүйене отырып, мемлекет басшысы халықтың кірісі алатын жалақыға емес, бюджеттің жұмсалуына байланысты деген қорытындыға келді.

"Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып келеді. Бүгінде 1 миллионға жуық халықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Осыған қарамастан, үкімет орташа жалақының өсіп жатқанын хабарлайды. Бұл - көзбояушылық", – деді Мемлекет басшысы. 


Айта кетелік, экс-президент Назарбаев осыдан бірнеше жыл БАҚ-пен кездесуінде қолжетімді тұрғын үй туралы сұраққа жауап бере отырып, Қазақстанда отбасының орташа табысы 500 мың теңге екенін мәлімдеген.

https://dalanews.kz/del-qazir/58258-kuvejt-ajda-aza-standa-zh-mysy-bar

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x