Сағынтаевтың көлігіне оқ атқан сәттің видеосы жарияланды
Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне лаңкестердің оқ жаудырған видеосы жарияланды, , – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі видеоның шынайы екенін растады.
– Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2022 жылы 6 қаңтарда болған оқиғаның бейнежазбасы шынайы екенін растайды. Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты қосымша ақпаратты жариялауға тыйым салынады, – деп мәлім етті баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы әкімі отырған көлікке оқ атылғаны туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растаған болатын.
Сондай-ақ, атыс кезінде Алматы қаласының спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов атыс қаруынан жарақат алған.
Тағы оқыңыз:
«Бар үмітіміз сізде». Талғардың қоқыс тасымалдаушылары Тоқаевтан араша сұрады