Назарбаевтың күйеу балалары қызметінен кетті

Dalanews 15 қаң. 2022 11:33 462

Бүгін қос күйеу бала өздерінің қызметінен қош айтысты. Нақтырақ айтсақ, Дариға Назарбаеваның жұбайы Қайрат Шәріпбаев «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен босатылса, Әлия Назарбаеваның жұбайы Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорлығының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Қайрат Шәріпбаевтың арызы негізінде, оның «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Димаш Досановтың арызы негізінде, оның «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x