Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі орынбасары тағайындалды

Dalanews 10 қаң. 2022 04:13 327

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары лауазымына Бақытбек Қосжановты және Асқар Әмірхановті тағайындады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды; Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары Марат Өсіпов және Дәулет Ерғожин қызметтерінен босатылды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x