Cоңғы жаңалықтар
Back

“Украина шекарасында 100 мың орыс әскері тұр”. Зеленский шұғыл мәлімдеме жасады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен шекарада 100 мың орыс әскері тұрғанын мәлімдеді.

Бұл жөнінде Reuters агенттігі Украина президентінің ресми сайтта жариялаған видео үндеуіне сілтеме жасап хабарлады.

“Америка үні” радиосының хабарлауынша, орыс әскерінің Украинаға қарай жылжуы Киев мен Батыс елдерінің алаңдаушылығын туғызып отыр. Олар Украинаға басып кіру қауіпі бар деп болжайды.

Мәскеу болса бұл болжамды арандатушылық деп бағалап, аймақта НАТО әскерінің көбейгеніне қарсы дайындық деп мәлімдеді.

3 қарашада Украинаның қорғаныс министрлігі шекарада шамамен 90 мың орыс әскері бар деп хабарлаған.

 

Айта кетелік бұған дейін Түркия президенті Ердоған БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясында Анкара Украина аумағының тұтастығы сақталғанын қалайтынын, Ресейдің Қырымды аннексиялағанын мойындамайтынын мәлімдеген.

Түркияның сыртқы істер министрлігі бұның алдында аннексияланған Қырымда Мемлекеттік дума сайлауын мойындаудан бас тартқан.

“Оның нәтижесінің Анкара үшін заңдық күші жоқ, өйткені Түркия Украинаға тиесілі түбек Ресейге заңсыз қосылды деп есептейді”, деп мәлімдеді түрік министрлігі.

Кремль Түркияның сайлауды мойындамауын жөнсіз деп есептесе, Ресейдің сыртқы істер министрлігі осыған орай тиісті пайым жасауға уәде берген еді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Ресей Түркияның Қырымды мойындауға қатысты ұстанымын өзгертеді деп үміттенеді.

Ердоған Ресейдің Қырымды аннексиялауын ешқашан мойындамайтынын бұған дейін де бірнеше мәрте мәлімдеген.

Қырымдағы гуманитарлық жағдайды, түбектен шыға алмай отырғандарды, соның ішінде қырым татарларын босату мәселесіне Түркия қалай ықпал ете алатынын Режеп Ердоған Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен талқылаған болатын. Келіссөзде әскер саласындағы әріптестік мәселесі де сөз болған.

Тағы оқыңыз:

Биыт Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 400-ге жуық отбасы қоныс аударған