Пенжімде соққыға жығылған оқушының жағдайы қандай?

Dalanews 28 қаз. 2021 08:16 280

Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылардың жаппай төбелесі орын алып, оқушы жарақат алды, ал дәрігерлер жәбірленушінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2005 жылы туған бала 27 қазанда Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түсті. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, ашық бас сүйек-мидың ауыр жарақатын алған, деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Диагноз: мидың ауыр ашық жарақаты. Оң жағы көгерген. 2-3 дәрежелі травматикалық шок. Есі бар.

27 қазанда Панфилов ауданының орталық ауруханасына Пенжім кентінің мектебі аумағынан дене жарақатымен 16 жастағы жасөспірім түсті. Тексеру барысында жарақатқа 9-10-сынып оқушылары арасындағы төбелес себеп болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды.

https://dalanews.kz/news/69432-policiia-penzhimdegi-zhanzhaldyng-man-zhay

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x