Адам өмірінің арашасы: өрт сөндіру ісінде диспетчердің кәсібилігі аса маңызды.

Dalanews 27 қыр. 2021 13:43 284

Өрт сөндірушілердің өмірі туралы сирек жазатынымыз өтірік емес. Қызыл жалынмен арпалысқан мамандық иелеріне көбірек көңіл бөліп, олардың еңбегі мен ерлігі елге паш ету абыройлы іс. 

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Құралай есімді ару. Өрт сөндіру саласында тер төгіп жүргеніне 15 жылға жуықтаған құтқарушы қарындасымызды Dalanews.kz-тың қалың оқырмандарына таныстыра кеткенді жөн көрдік.

...

Анығында, 15 жыл қызметте жалынмен күресу – батыр, мықты, жігерлі де нағыз ер жігіттің жұмысы. Алайда, қазіргі заманғы талаптар бойынша өрт қызметінде әйел адамдарға да арналған – өрт сөндіру бөлімінің диспетчері мамандығының жұмысы бар.

Құралай Ниязқызы Ташенова – азаматтық қорғау старшинасы, елордалық Өрт сөндіру қызметінің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының аға диспетчері.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылында дүниеге келген, 2013 жылы Алматы автөкөлік-жол колледжін «техник-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Құралай Ташенованың азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарып жүргеніне 15 жыл уақыт болды, оның 12 жылын диспетчер лауазымы бойынша атқарды, "1-сыныпты Маман-тәлімгер (шебер)" біліктілік атағы бар. Ең тәжірибелі қызметкердің бірі болып саналады. Қаланы жедел-тактикалық тұрғыдан және өрт-құтқару бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктерін жетек меңгерген.

Бірнеше рет өрт пен басқа да төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдап,өрт орнына өрт және құтқару бөлімшелердің уақтылы жіберуін қамтамасыз етті.

Осыған мысал ретінде 2021 жылғы 10 маусымда болған өртті атап көрсетуге болады.

Өрт бөлімшелердің келіп жету уақытында он сегіз қабатты «Променад Экспо» тұрғын үй кешенінің бесінші қабатында пәтердің ас үй бөлмесінде жалпы ауданы 35 м2 аумағында ас жиһаздың жанғаны анықталды. Өрттің пәтердің іргелес жатқан бөлмелеріне одан әрі таралуының қауіп-қатері төнді.

Түтін жоғары орналасқан қабаттарға таралып үлгерді. Жоғары орналасқан пәтерлердің тұрғындарының өміріне және денсаулығына қауіп төнді.

Барлау барысында алынған мәліметтер негізінде Қ.Н. Ташенова өрттегі жеке құрамның іс-қимылдарын үйлестіріп, оларды пәтерде қамалып қалған адамдарды құтқаруға уақытылы жіберіп отырды.


Құралай Ташенованың өрт туралы хабарламаны қабылдау бойынша сауатты іс-қимылдарының және де дер кезінде кезекші қарауылдарды жібергені арқасында бөлімшелердің шақыру орнына уақытында келгені қамтамасыз етілді.

Осының арқасында пәтердің басқа бөлмелеріне және балконына өрттің таралуына жол берілмеді. Одан алынған мәліметтер бойынша қол өрт сатылар мен механикалық автосатылармен 5 адам, солардың ішінде 1 жас бала құтқарылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x