«Жемқормен тойда бірге болған». Депутат шендіні сынап тастады

Dalanews 14 қаз. 2021 02:56 162

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы әрі вице-премьер-министр қызметіне үміткер Камшыбек Ташиев Жоғарғы Кенештің 13 қазандағы отырысында жемқорлық жасағаны үшін істі болған Райымбек Матраимов қатысқан тойға неге барғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутат Дастан Бекешев министрлер кеңсесінің төрағасы қызметін атқарушы Ақылбек Жапаровқа қарата сөйлеп, азаматтар үкіметтің кейбір мүшелерінің өзі қудалаған адамдармен бірге тойда бір үстел басында отырғанын көріп, биліктен көңілі қалғанын айтқан.

Депутаттың айтуынша, Камшыбек Ташиев 9 қазанда Оштың бұрынғы басшысы Таалайбек Сарыбашевтің тойына барған, оған Райымбек Матраимов та қатысқан.

Ташиев ҰҚМК бір жылда жемқорлықпен күрес нәтижесінде шамамен 7,5 млрд сом жинағанын айтты.

– Сіздер жемқорлықпен айналысқандар туралы бір сөз айта алмадыңыздар, ал біз олардың бәрін отырғыздық. Менімен бірге тойға барса да, біз жемқорлықпен айналысқандарды бәрібір отырғызамыз. Заң бұзсаңдар, қазір осында менімен бірге отырған сіздерді де жазалаймыз. Биыл алғаш рет тойға бардым, Райым Матраимовпен бір үстелде отырмадым. Отырсам да, онда тұрған ештеңе жоқ. Басқаларға қарағанда, ол 2 млрд сом төледі, – деп жауап берді Ташиев.

49 жастағы Райымбек Матраимов 1997-2017 жылдары Мемлекеттік кеден қызметінде істеген. 2020 жылғы қазанда ол кеден органдарындағы жемқорлыққа қатысты айыппен ұсталды. Матриамов бюджетке 1 млрд 400 млн сомды қолмақол ақшамен, 600 млн сомның жылжымайтын мүліктерін өтізген. Кейін сотта ол кінәсін мойындады. Сот Матраимовқа 260 мың сом айыппұл салды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x